Химиядан «Емдеу ісі» бөлімінің студенттері үшін зияткерлік ойын


Химиядан «Емдеу ісі» бөлімінің студенттері үшін зияткерлік ойын

2017 жылдың 16 қарашасында химиядан «Емдеу ісі» бөлімінің студенттеріне арналған зияткерлік ойыны өтті. Іс-шараны өткізу барысында студенттер «Биогенді элементтер» тақырыбы бойынша өз білімдерін көрсетті. Сонымен қатар, үй тапсырмасын орындау барасында кейбір студентердің ән айту және ұйымдастырушылық қабілеттері анықталды. Мысалы, «Железные леди» командасы сөздерінде химиялық элементтер кездесін көптеген әндер дайындап келген. Басқа үй тапсырмалары сапалы орындалған: биогенді элементтер туралы сұрақтармен видеороликтер өзекті болған. Жанкүйерлер өз қабілеттерін көрсетіп, 10 минут ішінде фармацевтикалық кәсіпорындардың эмблемаларын салды.

Сайыс болғандықтан практикалық тапсырмалардың біреуін орындағанда «Алмаз» командасы 62:60 есебімен алға шығып, 102 тобының қыздары жеңіске жетті. Жалпы студенттер «Биогенді элементтер» тақырыбы бойынша жақсы білім, ұйымшылдық, тапқырлық, бір-біріне деген құрмет көрсетті.

Іс-шараны ұйымдастыру барысында «Фармация» мамандығының бірінші курс студенттері қатысып, 2 курс студенттері әділ-қазылар ретінде ойынды бақылап отырды. Ойынның жүргізушісі «Фармация» мамандығының 202 топ студенті Танирбергенова Жансая болды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ