«Женских рук прекрасное умение» презентациясы


«Женских рук прекрасное умение» презентациясы

2017 жылдың 15 қарашада Қостанай медициналық колледжінің 101 «Фармация» тобын Островский атын. кітапханаға «Қазақстанның жаңа 100 тұлғасы» жобасының аясында өткізілген кездесуге шақырды. Кездесудің қонағы Баян Баталова Жолдыбаевна болды. Студенттер оның «Женских рук прекрасное умение» атты шығармашылығымен танысты. Кездесудің алдында талантты әнші Оджас «О море,море!» әнін орындады.

Баян Баталова - ол ерекше адам. Ол суретші, сәулетші, сонымен қатар облыс әкімі сыйлығының лауреаты. Баян Жолдыбаеваның мүсіндері қаламыздың сәнін келтіріп тұр. Мысалы «Черепаха», «Седло», «Юный художник» мүсіндері Қостанай орталық саябағының басты көркіне айналған. 200 жылы фарфор зауытын құрастыру мен әзірлеу барысында ол басты суретшілердің бірі болған. «Если умеешь что-то, то не надо стесняться это показывать»-деп айтады Баян Жолданбаевна.

Оның шығармашылығынан отбасы мүшелері де шабыт алады. Мысалы оның анасы мен ұлы «MART» сауда орталғының кіре берісіне сән келтіріп тұрған «Ящерица» және «Трансформер» мүсіндерін құрастырып, жасаған.

Оның шығармашылық презентациясынан кейін студенттер қызықтырған сұрақтарын қойды. Баян Баталова Төле би, Әйтеке би, Казыбек би, Мухамеджан Сейралин сияқты тарихи тұлғалармен сүйсінетінін айтып кетті.

Біз Баталова Баян Жолданбаевна сияқты адамдар еліміздің болашағын дамыту үшін қосқан мәдени және тарихи үлесі үшін мақтануымыз керек.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ