Донор күні


Донор күні

2017 жылдың 7 қарашасында колледжде дәстүрлі Донор күні өткізілді. Қан донорлығы - бұл өз еркі бойынша қан тапсыру. Ол қанды немесе оның құрамдас компоненттерін мұқтаж жандарға құю үшін немесе медициналық препарат алу үшін қолданады. Бұл сөз латын тілінен аударғанда "donare" (дарить) сыйлау деген мағынаны білдіреді. Донорлық - бұл тек қана қайырымды іс емес, ол өмірді сақтап қалу.

Бұл жылы аталған іс-шараға 143 адам қатысты. Колледж қызметкерлері мен студенттері біреудің өмірін сақтап қалуға қажетті қанды тапсырды.

Қан тапсыруға қатысқан барлық студенттер мен қызметкерлерге алғыс білдіреміз!









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ