Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы
Басты -> Жаңалықтар -> Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы
Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы
Қазақстанда «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасы өз жұмысын бастады. Аталған жоба - біздің еліміздің түкпір-түкпіріндегі шынайы өмірдегі адамдардың өмірлерінің көріністері.
Президент Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты өзінің бағдарламалық мақаласында әрқайсысымен танысатын мультимедиялық алаң құрастыруды ұсынды.
«Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасының басты мақсаты – қажырлы еңбегі, білімі мен талантының арқасында табасқа жеткен адамдардың тарихын табу және көрсету.
1 қарашада студенттер колледжде Жобаның қатысушысы Кабыл Турсынаймен кездесті. Турсынай өте көңілді адам - мүмкіндіктері шектеулі спортшылардың арасындағы жаңадан танылып кеткен пауэрлифтинг жұлдызы. 120 см бойымен 17 жасында ол халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Азия чемпионы, Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Турсынай шет елдерде өзінің елінінің атағын шығарып жүр.
Бір сағат ішінде студенттер Турсунаймен әңгімелесіп, спортқа ғана қатысты емес, сонымен қатар жеке өміріне де байланысты және ҚМПИ оқуы жайлы сұрақтар қойды.
Кездесудің соңында студенттер Турсынайға алғыс айтып, оған сәттілік пен жеңңіс тіледі.