«Акушер» біліктілігімен «Емдеу ісі» мамандығының презентациясы


«Акушер» біліктілігімен «Емдеу ісі» мамандығының презентациясы

2017 жылдың 25 қазанында дәстүрлі түрдегі «Акушер(ка)» біліктілігімен «Емдеу ісі» мамандығының презентациясы өткізілді.

Кураторы Сулейменова Балдырган Кужановнаның басшылығымен 302 топ студенттері нағыз мерекелік атмосфераны қалыптастырды. Жүргізушілер Иванова Анна және Шертанова Камила мамандықтың пайда болу тарихы жайлы және акушерияның заманауи дамуы туралы айтып кетті. Ән, өлең, би, конкурстар, әзілдер дайындалып, көрсетілді.

2010 жылғы түлек Перинаталдық орталықтың босану залының акушері Бабич Елена қызықты, керемет және қиын акушер мамандығы жайлы әңгімелеп берді.

Болашақ акушерлер, бірінші курс студенттеріне ақыл сөздерімен колледж директоры Катпенова Сауле Атантаевна сөз сөйледі.

«Акушердің атқаратын рөлі өте маңызды, өйткені оның көмегімен жарық дүниеге сәби келеді. Кейбір жағдайларда оның әрекетіне әйел мен бала тағдыры тәуелді болып келеді».

Бірінші курс студенттері акушерлер қатарына қосылу рәсімінен өтті. Ал олар өз кезектерінде өздерінің таланттарын көрсетті.

 


 

СКАЧАТЬ Презентация специальности - "Лечебное дело", квалификации "Акушер" 25_10_2017 (198 фото)











«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ