1-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» ғылыми-зерттеу жұмыстардың Республикалық конкурсының қалалық кезеңі


1-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» ғылыми-зерттеу жұмыстардың
Республикалық конкурсының қалалық кезеңі

2017 жылдың 21 қазанында арнайы пәндердің оқытушылары Романюк И.Е., Рақым Б.А., Стокоз О.С. 1-7 сынып оқушылары арасында ғылыми-зерттеу жұмыстардың Республикалық конкурсының қалалық кезеңінде «Медицина» секциясында әділ-қазылар құрмында болды. Аталған конкурс жыл сайын өткізіледі, біздің оқытушылар жобаларды бағалау үшін сарапшы ретінде қатысуға қуана келіседі, себебі ғылымға деген қызығушылық ерте жастан басталуы қажет.

Конкурстың негізгі мақсаты зерттеушілік қабілеттерін дамыту және зерттеу дағдыларын жетілдіру жолдары арқылы бастауыш және негізгі мектеп оқушыларының зияткерлік-шығармашылық поентциалын дамыту болып табылады.

Конкурсқа қаланың 34 білім беру ұйымдарынан 476 жоба қатысты. 476 жобаның ішінен 206 конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. «Медицина» секция бойынша жеңіске жеткен Наурзбай А. «Сүліктің емдік қасиеттері» тақырыбындағы жобасымен /5-7 сыныптар/, «Перекись водорода – средство оздоровления» Сагова Хадиджа, Сагова Ясмин /1-4 сыныптар/









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ