«Выбери будущее сегодня» акциясы


«Выбери будущее сегодня» акциясы

2017 жылдың 14 қазанында «Выбери свое будущее» акциясының аясында Қостанай медициналық колледжінің агитбригадасы №3 Затобол мектеп-гимназиясының оқушылары арасында кәсіптік бағдар жұмысына қатысты. Акцияның мақсаты 11 сынып оқушыларын дұрыс мамандық таңдауға бағыттау болды.

Екінші курс студенттері Ибраимов Данияр 201 «Емдеу ісі», Ахметова Салтанат 203 «Емдеу ісі», Курмангалиева Асель 202 «Мейіргер ісі», Тристан Роман 202 «Емдеу ісі», Танирберген Жансая 201 «Фармация» біздің колледж, мамандықтары туралы әңгімелеп, сонымен қатар біздің колледж туралы видеоролик пен презентация көрсетті. 301 «Емдеу ісі» мамандығының 3 курс студенттері Уралов Диас, Ситникова Ольга, Жантасова Айнура, Костенко Евгений алғашқы медициналық көмек көрсету мен шина салу бойынша мастер-класс көрсетті.

Аталған іс-шара қызықты және танымды өтті, оқушылар сұрақтарын қойып, өте риза болды. Акцияның соңында біздің студенттер брошюралар үлестіріп, колледждге оқуға шақырды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ