«Как живешь выпускник?» акциясы


«Как живешь выпускник?» акциясы

2017 жылдың 18 қазанында «Как живешь выпускник?» акциясының аясында «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі Бузина Светлана Петровна және «Мейіргер ісі» бөлімінің меңгерушісі Мухамеджанова Мадина Альтаевна Рудный қаласының емдеу мекемелеріне барып қайтқан болатын. Осы жылы Қостанай медициналық колледжінің 15 түлегі Рудный қаласының әртүрлі емдеу мекемелеріне жұмысқа орналасқан болатын. Соның ішінде қалалық аурухана, перинаталдық орталық, қалалық емхана, жедел көмек станциясы және т.б. Түлектердің кәсіби қалыптасуы мен материалдық және тұрғын-үй жағдайларын білу үшін жұмыс жүргізілді. Сонымен қатар түлектер туралы жұмыс берушілерден пікірлер, тілектері мен ойлары жиналды. «Акушер» біліктілігімен «Емдеу ісі» бөлімінің Баймагамбетова Анар, Мухажанова Асем, Аксенова Анастасиия түлектеріне, «Мейіргер ісі» бөлімінің Айжарикова Жансая, Сейсенбаева Шырайлым, Парахатова Эльмира, Сактаганова Перизат түлектеріне алғыс сөздері айтылды. Жедел көмек станциясының бас дәрігері Резова Анастасия туралы ерекше алғыс сөздерін айтты, ол алғышқы жұмыс күндерінен бастап өзін жауапты және білікті маман ретінде көрсете білген. Түлектердің толтырған сауалнамаларына сәйкес, барлық түлектер мамандықтары бойынша жұмыс істеуде, жұмыстарына жауапкершілікпен қарап, әрқашан тәлімгерлері мен үлкен әріптестерінен кәсіби көмек пен қолдау алады.


«Акушер» біліктілігімен «Емдеу ісі» бөлімінің түлектері Баймагамбетова Анардың, Мухажанова Асемнің, Аксенова Анастасиияның тәлімгерлері Ворожеева Лилия Валерьевна

«Мейіргер ісі» бөлімінің түлектері Айжарикова Жансая, Сейсенбаева Шырайлым, Парахатова Эльмира, Сактаганова Перизат

«Желкуар» ЖШС медициналық мекемесі. «Мейіргер ісі» бөлімінің түлегі Тлеубаева Айгеримнің және «Стоматология» бөлімінің түлегі Казыбеков Асланның тәлімгерлері








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ