«Ауыз қуысының гигиенасы» мастер класы


«Ауыз қуысының гигиенасы» мастер класы

2017 жылдың 10 қазанында №2 ЦӘК онкүндігінің аясында арнайы пәндердің оқытушылары Т.В.Дубина, Б.Г.Нуркина және 201 «Стоматология» тобының студенттері «Ауыз қуысының гигиенасы» тақырыбы бойынша «Мейіргер ісі» және «Стоматология» мамандықтарының 1-ші курс студенттері үшін мастер-класс өткізген болатын. Аталған іс-шараның міндеті студенттерді ауыз қуысының гигиена құралдары және оларды қолданумен таныстыру болды.

«Стоматология» мамандығының 2 курс студенттері ауыз қуысы гигиена құралдары туралы презентация дайындады. Кайрат А. және Гельвих П. тіс пасталарының пайда болу тарихы туралы ақпарат ұсынды. Чепкая К. және Серикпаев И. тіс щеткалары, тістерді тазалау әдістері жайында баяндады. Студент Серикпаев И. фантомда қарапайым тіс тазалау әдісін көрсетті. Фролов Р. және Койшибаева С. флос туралы, олардың түрлері және оны пайдалану туралы әңгімелеп берді. Абдрасилов А. және Гаврус А. ауызды шаятын құралдар, олардың құрамы және емдік қасиеттері туралы айтты. Мастер кластың соңында жүргізушілер Ружьева Е. және Славинская М. 1 курс студенттеріне ауыз қуысын күту бойынша ұсыныстар таратты.

Мастер класс қызықты және пайдалы болды деп үміттенеміз. Егер сау және әдемі тістер көп болса, күлімдеген бақытты адамдар саны да көбейеді деген сенімдеміз.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ