«Мұғалім күні»


«Мұғалім күні»

2017 жылдың 29 қыркүйегінде Қостанай медициналық колледжінің мәжіліс залында педагогтардың кәсіби мерекесі - Мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.

Мұғалім күні медициналық колледжіндегі - ерекше мереке. Өйткені бұл оқу орнының қабырғасында еңбек етіп, өздерінің тәжірибелерін бөлісетін екі мамандықтың иелері бар олар - педагогтар мен медициналық қызметкерлер. Сондықтан осындай мерекелік күнде оларға алғыс сөздері мен ән мен өлеңдер арналды.

Колледж директоры, Сауле Атанатаевна, әріптестерін құттықтай отырып, еңбектері үшін, бір ортақ іс үшін қосып жатқан үлестері үшін алғыс білдірді. Сауле Атантаевна зейнеткерлік демалысқа кететін кітапхана меңгерушісі Айжан Шариповна Байгутеноваға алғыс хатын ұсынып, көп жылдар бойы істеген еңбегі мен кітапханадағы жұмысы үшін алғыс айтты.

Салтанатты түрде Сауле Атантаевна келесі педагогтарға мақтау қағаздарын ұсынды: Барабан А.А., Эпова Н.В., Коновалова В.В., Ракым Б,А., Радзицкая Е.А., Бузина С.П., Жетписбаева Н.Б.

Жаңадан қабылданған жас педагогтарға қызметкерлердің кәсіподақ ұйымының атынан естелік сыйлықтар ұсынылып, оларға тілек сөздер айтылды. Ал олар колледж сахнасына алғашқы рет шығып, өздерінің өнерлерін көрсетті: ән айтып, би билеп, әзіл-қалжыңдар көрсетті. Барлық жаңадан қабылданған педагогтар бір ауыздан ант қабылдап, Қостанай медициналық колледжінің оқытушылар қатарына енді!








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ