Мейірбике ісінің болашақ мамандарымен-көптік мини-интервью
Басты -> Жаңалықтар -> Мейірбике ісінің болашақ мамандарымен-көптік мини-интервью
Мейірбике ісінің болашақ мамандарымен-көптік мини-интервью
2017-2019 ж.ж. «Медициналық білімді жаңғырту» жобасының жол картасының іс-шараларын жүзеге асыру мақсатында, мейірбике ісі мамандарын дайындау бағдарламасын жүзеге асыратын медициналық білім беретін ұйымда іріктеудің жаңа әдістерін құрастыруға және сынамалы енгізу үшін Қостанай медициналық колледжінде 2017 жылдың 19-21 қыркүйек аралығында көптік мини-интервью (КМИ) принципіне негізделген, енгізу әдісіне сәйкес Сынамалы жоба аясында іс-шаралар өтті.
(Анықтама) Көптік мини-интервью – (Multiple Mini Interview – MMI), саралау іріктеу әдісі ретінде, 2003 жылы МакМастер (McMaster University) Канада ғылыми-зерттеу университетінде құрастырылған болатын. МакМастер университеті Канаданың үлкен университеттердің үштігіне кіреді, өзінің ғылыми зерттеулерімен танымал.
Аталған жобаға Ақтөбе және Түркістан медициналық колледждері қатысады.
Жобаға «Мейіргер ісі» мамандығының 1 курс студенттері қатысты.
Көптік мини-интервью (КМИ) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің «Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» РМК сарапшыларының бақылауымен өтті.